Қазақстан Үкіметі 2025 жылға дейін импортқа тәуелділікті жабуды көздеп отыр

Қазақстан Үкіметі 2025 жылға дейін импортқа тәуелділікті жабуды көздеп отыр Сурет:Norma.uz

Негізгі мақсат - отандық тауарлармен алмастыру.


 Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Халықтың табысын арттыру» бағдарламасын таныстыру барысында импортқа тәуелділікті қалай жабуға болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Импортталатын азық-түлік тауарларын 100% отандық тауарлармен алмастыру жобасы негізгі мақсат етіп қойылып отыр. Бүгінгі күннің ішінде 80% деңгейінде өзімізді қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз бар, қалған 20%-ын сырттан әкелуге мәжбүрміз. 2025 жылға дейін қалған 6 тауар бойынша импортқа тәуелділігімізді толықтай жабуға мүмкіндігіміз болады, тек қант деңгейі 80% көлемінде қалады»,- деді Ералы Тоғжанов.



Жоспарға сәйкес, 2024 жылдың соңына дейін сүт-тауар фермаларын, ет комбинаттарын, құс фабрикаларын және басқа да өндірістерді іске қосу есебінен азық-түлік өнімдерінің импортын алмастыру 100% қамтамасыз етіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16