2023 жылы 26 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

2023 жылы 26 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды
almaty-akshamy.kz

2023 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың мыңнан астам кәсіпорны 28 мың жұмыскерге 6,6 млрд. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 447 нұсқама беріліп, 200,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 26,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,8 млрд теңге төленді.