Антакьяда жер сілкінісінен 122 сағат өткен соң үйінді астынан екі жасар қыз құтқарылды

Антакьяда жер сілкінісінен 122 сағат өткен соң үйінді астынан екі жасар қыз құтқарылды
сурет: politexpert.net

Қыз бала алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жеткізілді.

Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясының Антакья қаласында ғимарат құлағаннан кейін 122 сағаттан соң құтқарушылар үйінді астынан екі жасар қызды алып шықты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Aнадолу ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан жандармерия қызметкерлері Гюнеш көшесіндегі үйлердің бірінің қирандысы астында қалған баланың дауысын естиді. Қыз бала алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жеткізілді.

Бұған дейін хабарланғандай, эпицентрі Түркияның Кахраманмараш қаласында болған жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 20 мыңнан асты, 80 мыңнан астам адам жарақат алды.