Алматыдан 405 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Алматыдан 405 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
almaty-akshamy.kz

25 қыркүйекте "СОМЭ" сейсмикалық станциялар желісінің мамандары Алматы уақыты бойынша сағат 11:56-да Алматыдан 405 шақырым жерде 10 шақырым тереңдікте жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 405 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан», - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,9.

Магнитудасы – MPV 4.8.

Жер сілкінісінің координаталары – 41,68° солтүстік. 81,38° шығыс

Тереңдігі 10 шақырым.  

Сезілуі туралы ақпарат тіркелмеген.