Үздік дирижер анықталды

Үздік дирижер анықталды
Сурет: 24.kz

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсының марапаттау рәсімі мен гала-концерті өтті.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.Ә.Жүдебаев қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Салтанатты шарада сөз сөйлеген Арман Әділханұлы барлық қатысушыларды құттықтап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның арнайы Алғыс хаттарымен марапаттады.  Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсының қазылар алқасының шешімімен:  1. Сағымбаев Әбілқайыр Бейбітұлы – Гран-При (Қарағанды қаласы) 2. Бейсеков Әбілқайырхан Серікбайұлы – І орын (Алматы қаласы) 3. Өмірзақов Мәди Жұмағалиұлы – ІІ орын (Шымкент қаласы) 4. Есбергенов Медет Ануарбекұлы – ІІІ орын (Талдықорған қаласы) 5. Бекболат Әбдіберікұлы – ІІІ орын (Алматы қаласы) 6. Мейірбеков Жамбыл Берікбайұлы – диплом (Шымкент қаласы) 7. Мұқанова Мирует Талапқызы – диплом (Алматы қаласы ) 8. Мұхтар Сәтқозы Оразалыұлы – «Н.Тілендиевтің шығармасын үздік орындағаны үшін» диплом (Алматы қаласы) 9. Сали Алия Нұрланкызы – «Ынталандыру» сыйлығымен (Астана қаласы) марапатталды.  Іс-шара Нұрғиса Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің қатысуымен, оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева мен дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жалғасбек Бегендіков бастаған барлық конкурс жеңімпаздарының гала-концертіне ұласты.