Қазақстанда COVID-19-дың жаңа толқыны басталды

Қазақстанда COVID-19-дың жаңа толқыны басталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Желіде осындай ақпарат тарап жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазнетте ел тұрғындары COVID-19 тудыратын SARS-CoV-2 коронавирусының дельта штаммын жаппай жұқтыра бастағаны туралы ақпарат жедел тарап жатыр.

Stopfake.kz-тің хабарлауынша, бүгінде республикада коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

"Вирустардың генетикалық зерттеуі бақыланып жатыр. Кейінгі секвенирлеу нәтижесі бойынша республикада жаңа штамм нұсқасы анықталған жоқ. Дельта штаммы 2021 жылы айналымға түсіп, аурудың аса ауыр түрлерін тудырды. Қазір Қазақстанда ауру көбіне жеңіл түрде өтеді. Науқастар негізінен амбулаторлық негізде емделеді. Инфекция төсек-орындардың толтырылуы - 3%", делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұған дейін дәрігерлер COVID-19 "Пирола" жаңа штаммының негізгі белгілері туралы айтқанын жазған едік.