Синоптиктер 5 өңірде ескерту жариялады

Синоптиктер 5 өңірде ескерту жариялады
Сурет: Egemen.kz

Жел, ыстық

«Қазгидромет» РМК 16 тамызда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Атап айтқанда, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде шығыстан және оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық сақталады.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысы мен шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Ақмола облысының батыс бөлігінде солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.
Жетісу облысының солтүстік-шығысында жел соғады, екпіні 25 м/с артуы ықтимал.