Президент өзіне «ел батыры» деген атақ берді

Президент өзіне «ел батыры» деген атақ берді
Almaty-akshamy.kz

Салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке «Түркіменстан Батыры» атағы берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Түрікменстан мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, Мәжілістің (Парламенттің) қаулысында Мемлекет басшысы бұл атаққа республиканың ұлттық Тәуелсіздігінің негіздерін нығайтуға қосқан зор үлесі және басқа да еңбегі үшін ие болғандығы айтылған.

Салтанатты марапаттау рәсімі халық билігінің жоғары өкілді органы — Халық мәслихатының отырысында өтті.