Попкорн пайдалы ма?

Попкорн пайдалы ма?
Сурет: TEA.ru

Диетолог маман балалардың сүйікті тәттісін қан тамырлары мен жүрекке пайдалы дейді. Бірақ пайдалы болуы үшін оны үйде әзірлеуіңіз керек.

Нутрицолог Цапкина попкорнды жүрек пен қан тамырларына пайдалы тағамдардың бірі деп атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қант пен хош иістендіргіштер қосылмай, үйде әзірленген попкорн - бұл асқазан-ішек, жүрек-қан тамырлары және тері денсаулығын жақсартуға көмектесетін тамаша суперфуд, -дейді РИА Новостиге сұқбат берген диетолог әрі нутрицолог Надежда Цапкина.

«Попкорн жасалатын жүгерінің құрамында В тобының дәрумендері, темір, мырыш, мыс, калий, магний, фосфор, марганец және полифенолды антиоксиданттар бар. Бұл элементтердің барлығы жүрек-қан тамырлары аурулары мен ас қорыту проблемаларының қаупін азайтуға көмектеседі», - деді ол.

Дегенмен, ол тәтті және сары майда пісірілген попкорн холестерин деңгейін күрт арттырады деп қосты. Мұндай тағамның кішкентай бір шелегінде шамамен 600 калория бар.

«Ал бұл енді зиянсыз тіскебасар емес, салмақ қосуға және соның салдарынан түрлі ауруларға әкелетін шелектегі бомба», - деп ескертті Цапкина.

Ал тұзды попкорн денедегі су балансын бұзады және ісіну мен целлюлиттің пайда болуын тудырады дейді сарапшы.

«Трансмайлар тыныс алу жүйесінің ауруларын қоздыратын қатерлі ісіктердің дамуының катализаторына айналады, бұл әсіресе астматикалық науқастар үшін қауіпті. Попкорндағы майлар жоғары температураның әсерінен диацетил улы затын шығара бастайды, ол кей жағдайда өкпе фиброзына және Альцгеймер ауруына әкеледі. Дәм келтіргіш қоспалар асқазан-ішек жолдарының әртүрлі ауруларын тудырады», - деді дәрігер.