Екпенің жалған құжатын қалай анықтаймыз?

Екпенің жалған құжатын қалай анықтаймыз?
Сурет: Uralskweek.kz

Бұл сұраққа микробиолог-дәрігер Александр Гинцбург жауап берді.

Сарапшының айтуынша, жалған вакциналау паспортын коронавирусқа қарсы екпе алған немесе коронавируспен ауырған адамда маркерлердің бар-жоғына анализ тапсыру арқылы оңай анықтауға болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Александр Гинцбург «Спутник V» препаратымен вакциналанған адамдар неге қатты ауырып, кей жағдайларда қайтыс болатынын түсіндірді. Ғалым 80% жағдайда маркерлер жоқ болатындығын атап өтті.

«Адамдар ақша жұмсайды, содан кейін олар өз ақшаларына ауруды сатып алды, салдарынан қайтыс болады. Ондай адамдар психологиялық тұрғыдан өзгеше ойлауы мүмкін. Олар шынымен вакциналанған деп ойлап, барлық карантиндік шектеулерді жеңілдетеді», - дейді Гинцбург.