Алматыда тарифтердің көтерілуіне байланысты өтемақы өседі

Алматыда тарифтердің көтерілуіне байланысты өтемақы өседі
Сурет: Almaty-akshamy.kz

1 қарашадан бастап.

Әлеуметтік көмектің мөлшері 0,6 АЕК болып, 1725 теңгеден 2070 теңгеге дейін өседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы мәслихатының Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидасына өзгеріс енгізетін шешім әзірленді.

Түсіндірме құжатта бұған электр энергиясы тарифтерінің көтерілуі себеп болғаны жазылған.

Бұдан бөлек, әлеуметтік көмек көрсету мерзімі 2024 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылды. Бұрын ереже 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды болған.

Егер көрсетілетін қызметті алушы 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша әлеуметтік көмек алушы болып танылса, онда оған көрсетілетін қызметті берушіге хабарласпай әлеуметтік көмек тағайындалады.

2023 жылғы 31 желтоқсаннан кейін өтініш бергендерге әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалып, төленеді.

Әкімдіктің мәліметінше, 2023 жылғы 1 қарашада 120 мың азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілген. Жоба қалалық бюджеттен қаржыландырылады және 2023 жылдың соңына дейін қосымша қаражат қажет емес. 2024 жылға қаржыландыру 4 112 млн теңге және 315 430 адамға есептелген.

Құжат 15 қарашаға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.