Франция Президенті қазақша пост жазды

Франция Президенті қазақша пост жазды
Сурет: Akorda.kz

 1 қарашада Қазақстанға ресми сапармен келген Франция Президенті Эмманюэль Макрон X (бұрынғы Twitter) желісінде қазақша пост жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ірі державалар үстемдікке қайта ұмтылған, ал кейбірінен болжауға болмайтын әрекет күткен әлемде жаңа перспективаларды ортақ етуге және бірге құруға болатын серіктестер мен достарға сене алу өте бағалы. Қазақстан мен Франция солардың қатарына кіреді», - делінген Франция Президентінің жазбасында.