Телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылады

Телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылады
Сурет: интернеттен

Тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Биыл 8 қарашада телеарналар мен радио хабар таратуды уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

"Осыған байланысты 8 қарашада сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Хабар тарату саласындағы ұлттық оператор уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрады.