Қазақстандағы Түркия елшісі ауысты

Қазақстандағы Түркия елшісі ауысты
Сурет: Мinber.kz

Түркия 7 елдегі елшілерін ауыстырды.

Құжаттың мәтіні Президент Ердоғанның қолымен Үкіметтің ресми газетінде жарияланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  

Түркия әлемнің жеті еліндегі, соның ішінде Португалия, Ұлыбритания, Қазақстан мен Ирандағы елшілерін ауыстырды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның қолы қойылған құжаттың мәтіні бейсенбіде Үкіметтің ресми газетінде - Resmi Gazete-де жарияланды.

Аталмыш шешімге сәйкес, Астанадағы Елші Уфук Экиджи Луандадағы Түркия дипломатиялық миссиясының басшысы болып тағайындалды. Оның орнына бұрын Құқықтық қызметтер басқармасының бас директоры болған Мұстафа Капуджу тағайындалды.