Rolls-Royce алғашқы электромобилін жасап шығарды

Rolls-Royce алғашқы электромобилін жасап шығарды
Сурет: 24.kz

Люкс санатты көліктер өндіретін Rolls-Royce алғашқы электрмобилін жасап шығарды.

Ол қуат көзінсіз 515 шақырым қашықтықты еңсере алады. Темір тұлпар келер жылдың соңында жаппай сатылымға шығарылуы тиіс. Жанармаймен жүретін көліктен ауаға бөлінетін зиянды заттар парниктік газдардың негізігі көзі саналады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған байланысты кейінгі уақытта климаттың өзгеруі туралы көп айтылып, әлем елдері электрмобильдердің өндірісін арттырып жатыр. Былтыр әлемде 6,5 млн-нан аса осындай көлік сатылған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Торстен Мюллер-Отвос, Rolls-Royce Motor Cars бас директоры: - 1900-шы жылдары Rolls-Royce компаниясының негізін қалаушылардың бірі Чарльз Роллс көліктің жанармаймен емес, электр энергиясымен жүргені дұрыс деген. Ең бастысы, оны қуаттауға қатысты мәселе шешілу қажетті туралы айтқан. Сол уақыттан бері қаншама жыл өтті. Енді міне, бүгін Ролсстың айтқаны келіп отыр, - дейді.