Каспий құбыр консорциумы жұмысының тоқтауына байланысты шаралар қабылданады - Үкімет

Каспий құбыр консорциумы жұмысының тоқтауына байланысты шаралар қабылданады - Үкімет
Сурет: Inform.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумы қызметінің уақытша тоқтап қалуына байланысты жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Кеңес барысында мұнай экспорты шектелуінің салдары мен мемлекеттік бюджеттің шығындарын азайтуға қатысты шаралар талқыланды. Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы бірқатар тиісті тапсырма берді.