Алматыда Елорда күні қалай тойланады?

Алматыда Елорда күні қалай тойланады?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

6 шілде күні Абай алаңында сағат 20:00-де Астананың 25 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді.

Сахнада Луина, Ziruza, Akim, Kyle Ruh, Bonapart, C.C.Tay, Malika Yes, Aya Funk, Rin'Go, «Жігіттер», «Бақай» тобы және т.б. өнер көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Елорда күнін тойлау аясында қалада флешмобтар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, дәрістер, экспозициялар мен поэзия кештері өтеді.4 шілде күні, сағат 19:00-де Ықылас атындағы музыкалық аспаптар мұражайында Made in KZ тобының қатысуымен «Асқақтай бер, Астана» концерті болады. 5 шілде күні, сағат 14.00-де Alatau Creative Hub-та «Жарқырап, жайнай бер, Астана!» кітап көрмесі мен балаларға арналған зияткерлік ойын өтеді.

Бұған қоса, мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында өтеді:

 - Наурызбай ауданы: мерекелік концерт, 5 шілде сағат 11:00-де, Инновациялық шығармашылық орталығы, Шұғыла ш/а., 347/4;

 - Алатау ауданы: концерт, 5 шілде сағат 17:00-де, Атлетикалық ауыл, Нұркент ш/а., 5/2;

- Түрксіб ауданында: Елорда күніне орай эстрада жұлдыздары мен көркемөнер ұжымдарының қатысуымен 5 шілде күні сағат 18:00-де Сауранбаев көшесіндегі Арбатта мерекелік іс-шара өтеді. Сағат 20:30-да ашық аспан астындағы фильм көрсетіледі;

- Әуезов ауданында: Астана күнін тойлауға арналған мерекелік концерт 6 шілдеде сағат 11:00-де «Family» саябағында өтеді;

- Медеу ауданында: Елорда күніне орай шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт 6 шілде күні сағат 11:00-де Гоголь көшесі, 1 мекенжайындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді;

- Алмалы ауданында: Астана күніне арналған мерекелік концерт 6 шілдеде сағат 17:00-де «MEGA Park» СОО аумағында өтеді.

- Бостандық ауданында: мерекелік концерт 6 шілдеде сағат 18:00-де Mega Center Alma-Ata СОО амфитеатрында өтеді.