Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық артисі, актер: Әрқашан жақсылықтың жағындамыз!

Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық артисі, актер: Әрқашан жақсылықтың жағындамыз!

Белгілі актер, Алматы қаласының тұрғыны Асанәлі Әшімов Шымкент қаласындағы №231 сайлау учаскесінде дауыс берді. Еліміздің оңтүстігінде іссапарда жүрген  киножұлдыз жұбайымен бірге дауыс беруге барды. 

«Референдум - халық үшін, ел үшін өтіп жатқан үлкен саяси науқан. Халқымыздың әл-ауқаты жақсарып, білімге деген ұмтылысы артып, өнер, ғылым мен мәдениеттің өркендеуі үшін өз дауысымды беріп отырмыз. Өнер, ғылым, білім өспей,  халық өспейді. Президентіміз бұл мәселені халыққа кеңінен түсіндіріп, оң бастамаларды қолға алды. Уақыт өте келе оң өзгерістердің мол болатынына сенімдімін молынан болар деп сенеміз. Біз қашан да жақсылықтың жағындамыз!», - деді актер.