Ақпанның ақырғы суығы

Ақпанның ақырғы суығы
Сурет: Tengrinews.kz

 "Қазгидромет" алдағы күндердегі ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктер мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағына батыстан суық антициклон жылжиды. Осыған байланысты 25 ақпанда ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын мол түсіп, көктайғақ болады.

«Республика бойынша тұман, екпінді жел, жаяу бұрқасын болжанады. 24 ақпанда күндіз республиканың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Қазақстанның батысында ауа температурасы түнде 15 градустан 23 градусқа дейін, солтүстік-батыста 28 градусқа дейін аязға дейін, ал солтүстікте және орталықта 25 аязға дейін аяз болады», - делінген хабарламада.