Алматыда тәртіп сақшыларының балалары ата-аналарының жұмыс орнымен танысты

Алматыда тәртіп сақшыларының балалары ата-аналарының жұмыс орнымен танысты
Сурет: Polisia.kz

Қазақстан полициясына - 30 жыл.

Ашық есік күндері науқаны Қазақстан полициясының 30 жылдығына орайластырылды. Оның барысында қалада полиция қызметкерлерінің балалары ата-аналарының жұмыс орындарына барып, ПД тарихымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Іс-шараның мақсаты – қалалық полицияның оқиғаға толы тарихын өскелең ұрпақтың зерделеуі, ішкі істер органдарының қызметін кеңінен насихаттау, Қазақстан Республикасы полиция қызметкерінің жағымды бейнесін қалыптастыру, өз халқына деген мақтаныш сезімін, Отанына деген сүйіспеншілікті ояту, қоғам игілігі мен Отанның гүлденуі үшін еңбек етулеріне үлес қосу. Полиция қызметкерлерінің балаларына тренажерлармен және төсеніштермен жабдықталған спорт залы көрсетілді, онда олардың ата-аналары қауіпті қылмыскерлерді ұстауға қажетті самбо әдістерімен жаттығады және шыңдалады. Криминалист мамандар саусақ ізін зерттеуге қажетті материалдарды сапалы жинақтау бойынша шеберлік сабағын өткізді", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.