Дауыс берушілер белсенділік танытуда

Дауыс берушілер белсенділік танытуда
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының орталық комуникациялар қызметінде  сағат: 16:30-17:15 арасында «Референдумда Алматы тұрғындарының дауыс беру барысын бақылау туралы» ОФЛАЙН-брифинг өтті.

Жиынға Алматы қаласы бойынша Бақылаушылар капитаны, «Қоғамдық жоба» ҚБ директоры Александр Братенков және Қазақстан франчайзинг қауымдастығының президенті, қоғам қайраткері Бекнұр Қисықов қатысты.

Брифигте екі ерлі-зайыпты жандардың бірдей дауыс беру орнынан қалайша табылып қалғандығын түсіндірді.

– Біз бұл арада бір нәрсені түсінуіміз керек. Яғни дауыс беру барысында екі бірдей адамның сайлау учаскесінің жасырын бөлмесінен табылуының өз мәні бар. Дәлірек айтқанда, олардың біреуі зағип жан екен. Сондықтан көмектесуге болады деп білеміз. Бұл жерде өрескел қателік жоқ деп білеміз, – А.Братенков.

Сонымен қатар бақылаушылардың кәсібилігіне тоқталып, референдумдағы олардың іс-әрекеті туралы айтты.

– Бақылаушыларға қойылатын талап күштірек болуы керек. Егер олар кәсіби-біліктілік жағынан мықты болса, өз ісінің шебері болса, өткізіліп отырған референдумның мәнін тереңірек ұғынса, басқаларда бұл шараның мәнін ұғына түседі деп ойлаймыз, – Б.Қисықов.

Шара барысында осы референдум арқылы елімізде игі бастамалар жүзеге асып, экономикалық-әлеуметтік жағдай даму сабақтастығын табады деген ойлар айтылды.