Алматыда екпе мен ревакциналау жалғасуда

Алматыда екпе мен ревакциналау жалғасуда
almaty-akshamy.kz

Алматыда тұрақты эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында халықты вакциналау және ревакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы қаласында 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап 2022 жылғы 26 сәуірге дейін КВИ-ға қарсы I компонентпен 1 178 796 адам егілді, ал вакцинацияның толық курсымен 1 143 424 адам қамтылды. Сондай-ақ, 26 сәуір күні КВИ-ға қарсы 365 855 адам ревакциналаудан өтті. Бұл ревакциналауға жататын адамдар санының 47,8%-ын құрайды.

Жалпы, Алматыда КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты және қала «жасыл» аймақта тұр. Дегенмен, қалада ұжымдық иммунитет бүгінде 59,8%-ды құрайды. Бұл тұрақты эпидемиологиялық жағдайды ұстап тұру үшін жеткіліксіз (иммундық қабаттың кемінде 80%-ына қол жеткізу қажет).

Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы барлық қалалық емханаларда Qaz COVIDin/Қазвак, VeroCell, «Комирнати» (Pfizer, АҚШ) сияқты COVID-19-ға қарсы вакциналар жеткілікті мөлшерде бар. Барлық тілек білдірушілер тұрғылықты жері немесе жұмыс, оқу орны бойынша аумақтық қалалық емханаларда COVID-19-ға қарсы вакцинация, ревакциналаудан өтулеріне болады.

«Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қаладағы тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау мақсатында тұрғындарды азаматтық жауапкершілік танытып, КВИ-ға қарсы вакцинация мен ревакцинацияны кейінге қалдырмауға шақырады. Тек ұжымдық иммунитет бізге әдеттегі өмір салтын жүргізуге мүмкіндік береді. Вакциналау - COVID-19 пандемиясымен күресудің ең тиімді әдісі! Ауруды емдеуден гөрі алдын алу оңай», - делінеді департаменттің хабарламасында.