Алматыда дзюдодан кадеттер мен жастар арасында Азия кубогы басталды

Алматыда дзюдодан  кадеттер мен жастар арасында Азия кубогы басталды
Сурет: ашық дереккөз

Бүгін, 7 сәуірде, Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан кадеттер мен жастар арасында Азия кубогы басталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Olympic.kz. сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Грекия, Гонконг, Грузия, Моңғолия және АҚШ-тан 400-ден астам спортшы қатысуда.

 Кубок аясында рейтингтік ұпайлар ойнатылады.

 Турнир Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтуде.