Алматыда доллар құны құбылып тұр

Алматыда доллар құны құбылып тұр
Сурет: Investing.com

Қор биржасында доллар құны көтерілді.

Қазақстанда доллардың теңгеге шаққандағы құны 2,48 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Kurs.kz-ке сілтеме жасап.

Елордадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 477 – 482 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 478 – 482 теңге аралығында құбылып тұр. 1 тамыздағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,48 теңгеге қымбаттап, 479,55 теңге болған.

Ұлттық банктің 2 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 479,51 теңге есебінде. Ал Ресей валютасы Алматыдағы ақша айырбастау орындарында 7,20 – 7,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.