Алматы әкімі Бостандық ауданы тұрғындарымен кездеседі

Алматы әкімі Бостандық ауданы тұрғындарымен кездеседі
Сурет: Әкімдік

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу өткізеді, , деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2022 жылғы 4 тамызда сағат 9.00-де Тимирязев көшесі, 42, корпус 10 мекенжайда орналасқан «Атакент» Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығының конгресс-холлында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Ағымдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.

Кездесуді онлайн режимінде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасында және Бостандық әкімдігінің Facebook парақшасында көруге болады:

1. https://www.youtube.com/c/AlmatyUS 

2. https://www.facebook.com/bostandykalmaty