Алматыда 99 жастағы ҰОС-на қатысушы дауыс берді

Алматыда 99 жастағы  ҰОС-на қатысушы дауыс берді
Cурет: Сайлау 2023 ТГ

Қаланың ең қарт тұрғындары бүгінгі сайлауға белсенді қатысуда.  

Ұлы Отан соғысының ардагері Ольга Савенко өз елінің өркендеуіне алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Ольга Андреевна Ұлы Отан соғысының барлық жауынгерлік жолдарынан өтті – Минскіден Берлинге дейін. Ұлы Отан соғысына Алматының тумасы 1941 жылдан бастап, Жеңіс соңына дейін қатысты. 9 мамырда ардагер 100 жасқа толады.  

Ольга Андреевна Қазақстанда және әлемде болып жатқан оқиғаларға қызығушылық танытады. Ұзақ өмір бойы ол елде өткен барлық сайлау компанияларына қатысты. Әрине, ардагер ел үшін Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға сайлау сияқты айтулы оқиғаны жібере алмады.  

Алматының ең қарт тұрғыны сайлау учаскесіне жеке келуді жоспарлаған, бірақ, өкінішке орай, денсаулығына байланысты  бара алмады, Сондықтан "учаске" оның үйіне келді. Сайлау комиссиясының мүшелері ұзақ өмір сүрген анаға арнайы  барды.  

"Бүгінгі сайлау – мен үшін маңызды оқиға. Өйткені, біздің немерелеріміз, шөберелеріміз қалай өмір сүретіні менің және әр азаматтың дауысына байланысты болады. Мен өз Отанымды, Қазақстанды шын жүректен жақсы көремін, Туған қалам Алматыға шын жүректен қолдау көрсетемін. Бүгін елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен болып жатқан реформалар халқымыздың одан әрі өркендеуі, қазақстандықтардың бейбіт болашағы үшін берік іргетас қалауда", – деді ардагер.