Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА, КСРО-ның Халық артисі: Ең алғаш 18 жасымда дауыс бергенмін

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА, КСРО-ның Халық артисі: Ең алғаш 18 жасымда дауыс бергенмін
Сурет: Сайлау 2023 ТГ

Бұлбұл әншінің үйіне бюллетень салынатын мөлдір жәшікпен барған өкілдер мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін әуелі бір құшақ гүл ұсынды. 

Аты аңызға айналған бұлбұл әншіміз Бибігүл Төлегенова да бүгін өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Сайлау күні – мен үшін үлкен мереке. Біздің кезімізде сайлауға қуана-қуана баратынбыз. Ән салып, би билеп, концерт беретінбіз, елдің көңілін көтеретінбіз. Үлкендермен бірге қуанатынбыз. Шыны керек, қазіргі кейбір жастар жалқаулау, істеген ісіне ақша төлесе екен деп тұрады. Ал біз риясыз көңілмен, алғаусыз жүрегімізбен патриот болдық. Ең алғаш дауыс берген сәтім де әлі есімде. Ол 1948 жыл болатын, 18 жаста едім. Димаш Ахметұлы Қонаевқа және биолог-ғалым Нәйлә Базановаға дауыс бергенмін. Үйімнен болса да, бүгін де дауыс беріп жатырмын. Дауыс беру – әрбір саналы адамның міндеті, парызы болуға тиіс. Елім көркейе түссе деген аналық тілегім шексіз, айналайындарым! Әр адам осылай жасауға тиіс. Өзіміз осы мемлекетте тұрып, оның бар жақсысын алып отырғандықтан, неге дауыс бермеске. «Мемлекет маған не береді» деп күтіп отырмай, «мен оған не беремін» деу керек. Бұл орайда, әсіресе, жастарға сенім артқым келеді», – деді Бибігүл Ахметқызы.