Алматыда 430 отбасыға «Рамазан қоржыны» таратылды

Алматыда 430 отбасыға «Рамазан қоржыны» таратылды
Сурет: Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

ҚМДБ бекіткен Рамазан айына арналған жоспарға сай «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы өкілдігі мен «Дәулеттен» қоры бірлесе 250 отбасына қайырымдылық шарасын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сондай-ақ қайырымдылыққа толы рамазан айының құрметіне «Рамазан қоржыны» ретінде қала мешіттерінде атап айтсақ, Алатау ауданы бойынша 110 отбасына, Алмалы ауданы «Төле би» мешіті 30, Наурызбай ауданы «Қалқаман» мешіті 20 мұқтаж отбасына, Жетісу ауданы мешітінде көмекке зәру 20 отбасыларына азық-түліктер салынған себеттерді таратты.