Алматы облысында жұмыртқа бағасын негізсіз өсірген екі құс фабрикасы тексеріледі

Алматы облысында жұмыртқа бағасын негізсіз өсірген екі құс фабрикасы тексеріледі
Сурет: Ашық дереккөз

Компанияларға қатысты тергеу басталды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті өңірдегі екі құс фабрикасында тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Департамент қаңтар-қазан айларында Алматы облысы бойынша 1 санатты тауық жұмыртқасын бастапқы сату нарығын талдаған.

Оның қорытындысы бойынша, «Алсад Қазақстан» ЖШС және «Сары-Бұлақ» ЖШС іс-әрекетінде Қазақстанның монополияға қарсы заңнамасы, атап айтқанда бәсекеге қарсы келісілген іс-қимылдар бөлігінде баға белгілеу және қолдау талаптарын бұзу белгілері анықталды.

Осыған байланысты мекеме серіктестіктердің атына хабарлама жіберді.

Алайда олар хабарламаны орындамаған, осыған байланысты департамент жоғарыда аталған компанияларға қатысты тергеу бастады.