Алматы маңында кезекті жер сілкінісі тіркелді

Алматы маңында кезекті жер сілкінісі тіркелді
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандық сейсмологтар Алматы маңында кезекті жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Алматы уақыты бойынша сағат 14:03-те барлығы бес жер сілкінісі тіркелді.

Соңғы жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 271 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Магнитудасы - 4,7.

Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілген жоқ.