Алматыны қара түтін басты

Алматыны қара түтін басты
Сурет: видеодан алынды

Алматыдағы түтін Алматы облысындағы өрт салдарынан болды, бұл - уақытша құбылыс

24 қаңтарда қаланың солтүстік бөлігінде атмосфералық ауаның нашарлауына және қара түтіннің пайда болуына Іле ауданындағы Бірінші Мамыр өнеркәсіптік аймағындағы өрт себеп болды.
 
Сағат 7:00-ден 9:20-ға дейін қара түтін көтеріліп, бірнеше шақырымға созылды, желдің аздығынан түтін баяу өтіп, қала шегіне шамамен 3 сағат бойы тарады.
 
Айта кетерлігі, сағат 12.00-ден бастап қара түтін Алматы облысының Іле ауданына ауысты. Бұл - уақытша құбылыс.

Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы