Алматы қаласында ҚМДБ жанындағы Сарапшылар кеңесінің IV мәжілісі өтті

Алматы қаласында ҚМДБ жанындағы Сарапшылар кеңесінің IV мәжілісі өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Қасиетті Рамазан айы биыл 23 наурызда басталады

Алматы қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ жанындағы Сарапшылар кеңесінің IV мәжілісі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

"Өздеріңіз жақсы білесіздер, жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды екенін, өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайтынын ерекше атап өтті.  Аллаға шүкір, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дәстүрлі исламды насихаттауда, жастарды ізгілікке тәрбиелеуде өнімді еңбек етіп келеді. Сіздер де ортақ іске атсалысып, белсенділік танытып келесіздер. Алла разы болсын! Ендігі мақсат - жыл басында жоспарланған жұмыстарымызды жүйелі түрде жүзеге асыру", - деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Мәжіліс жұмысында ҚМДБ-ның рухани, діни, ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы рөлі, ҚМДБ-ның 2023-2027 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасы, Республикалық және жергілікті ақпараттық-насихат тобы мүшелеріне арналған құжаттардың жобалары талқыланды.

Еске салайық, Қасиетті Рамазан айы биыл 23 наурызда басталады. Айлардың сұлтаны саналған 30 күнде жамағат ауыз бекітіп, ораза тұтады. Ал қасиетті Қадір түні сәуірдің 17-нен 18-не қараған түнге түсіп тұр. 21 сәуір – Ораза айттың бірінші күні.