Air Astana әуе компаниясы ескерту жасады

Air Astana әуе компаниясы ескерту жасады
inbusiness.kz

Air Astana әуе компаниясы ел аумағындағы боран мен қардың қалың түсуіне байланысты рейстердің кешігуі және орындалмауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Тасымалдаушы рейсті орындалмаған немесе кешіккен жағдайда әуе компаниясы әр екі сағат сайын сусындар, төрт сағаттан кейін ыстық тамақ беретінін естеріңізге саламыз. Егер рейстің кешігуі күндіз сегіз сағаттан, түнде алты сағаттан артық болса, тасымалдаушы жолаушыларды қонақ үйге орналастырады, сондай-ақ әуежайдан қонақ үйге және кері бағытта көлікпен қамтамасыз етеді. Тасымалдаушының кінәсінен рейс он сағаттан астам уақытқа тоқтатылған және кешіккен жағдайда, жолаушының таңдауы бойынша тасымалдаушы жолаушыны келесі рейспен жеткізуді қамтамасыз етеді немесе билеттің толық құнын қайтарады», - делінген әуе компаниясының мәліметінде.

Осы орайда әуе рейстеріне қатысты мәліметті компанияның сайтынан көруге болады.

«Рейс орындалмаған немесе кешіккен жағдайда, airastana.com веб-сайтындағы онлайн-кеңесшілерге немесе +7 702 702 01 48 WhatsApp нөміріне, сондай-ақ, рейстің тоқтатылуы мен кешігуіне байланысты ақшаны қайтару үшін help.airastana.com сайтындағы Көмек орталығына хабарласыңыз. Рейс кешіксе, мына нөмір бойынша байланысқа шығуға болады: +7 7272 44 44 78», - деп аталып өткен баспасөз қызметінің хабарламасында.