Пеленің құрметіне осы аптада өтетін барлық матч бір минуттық үнсіздікпен басталады

Пеленің құрметіне осы аптада өтетін барлық матч бір минуттық үнсіздікпен басталады
Сурет: sputnik-abkhazia.ru алынды

ФИФА 211 ұлттық федерацияға осы аптаның ішінде өтетін барлық матчты бір минуттық үнсіздікпен бастауды сұрады

Әр елде Пеле атындағы стадион болады. Әр елде кемі бір стадионға Пеленің есімі берілуі керек. Халықаралық футбол федерациясының президенті Джанни Инфантино осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Болашақ ұрпақ Пеленің футбол әлемі үшін маңызы зор тұлға екенін біліп өсуі керек”, - деді Инфантино даңқты футболшыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімінде.

Қоштасу шарасы Бразилиядағы Сантос футбол клубының стадионында болды. Оған 230 мыңға жуық адам жиналып, кезектің  ұзындығы бірнеше шақырымға созылды. Бұған дейін ФИФА 211 ұлттық федерацияға осы аптаның ішінде өтетін барлық матчты бір минуттық үнсіздікпен бастауды сұраған болатын.

Еске салайық, әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы Эдсон Арантис ду Насименту немесе көпшілікке Пеле есімімен танымал даңқты футболшы 29 желтоқсан күні 82 жасында өмірден өтті.