IBA рейтингісінде Қазақстан көш бастады

IBA рейтингісінде Қазақстан көш бастады
almaty-akshamy.kz

Қазақстан - бірінші орында. Халықаралық бокс қауымдастығы жылды қорытындылап, әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Оған сәйкес, ұлттық құрама жалпы есепте бірінші орынға көтерілді. Қайрат Сәтжанов баптайтын жігіттердің еншісінде 48 100 ұпай бар. Екінші орынға Өзбекстан құрамасы жайғасты және қос команда арасындағы айырмашылық айтарлықтай үлкен. Көрші елдің жігіттері 37 600 ұпай ғана жинады. Үздік үштікті Үндістан түйіндеп тұр.

IBA рейтингісіне бас-аяғы 135 елдің  боксшылары енгізілген. Ал, ондағы ұпай құрлықтық және әлемдік чемпионаттардағы жетістіктірмен есептеледі. Айта кетейік, Иорданияда өткен соңғы Азия чемпионатында жерлестеріміз үш алтын жеңіп алған болатын. Халықаралық бокс қауымдастығы сайтында, әсіресе, Сәкен Бибосынов, Қамшыбек Қоңкабаев, Серік Теміржанов, Асланбек Шымбергенов, Сағындық Тоғамбай, Нұрлан Сапарбай және ағайынды Нұрбек пен Айбек Оралбайлардың есімі ерекше аталып өткен.