Әуезов ауданының 95 үйінде лифтілер ауыстырылды

Әуезов ауданының 95 үйінде лифтілер ауыстырылды
almaty-akshamy.kz

Әуезов ауданының 95 үйінде лифтілер ауыстырылып,  шатыр мен инженерлік желілер жөнделді

1960-1970 жылдардағы тұрғын үй қорының қалай жаңартылып жатқанын Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев Алматы қаласының ӨКҚ брифингінде айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 

Биыл «2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту» тұжырымдамасын іске асыру аясында ағымдағы жылы қайтарымды негізде 95 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: 57 үйде 102 лифт ауыстырылды және 38 үйде жалпы пайдаланылатын орындарға, яғни шатырға, инженерлік желілерге күрделі жөндеу жүргізілді. 

Жалпы аудан бойынша тұрғын үй қорын жаңғырту қажеттілігі күн тәртібінде қалып отыр, осыған байланысты жұмыстар келесі жылы да жалғасатын болады. 2024 жылдың бірінші тоқсанына тұрғындардан 7 үйде 10 лифтті ауыстыруға және 20 үйде жалпы пайдалану орындарын күрделі жөндеуге өтінімдер бар.

Бұдан басқа, азаматтық-тұрғын үй құрылысы бойынша объектілерді іске асыру жалғасуда. Биыл екі көпқабатты тұрғын үй кешені іске қосылды, жалпы ауданы 78 мың ш. м. ағымдағы жылдың соңына дейін тағы екі көппәтерлі тұрғын үй кешенін іске қосу жоспарланған, жалпы ауданы 83 мың ш. м. келесі жылы жалпы ауданы 143 мың ш. м. үш тұрғын үй кешенін іске қосу жоспарлануда.