Су басу мәселесі арық желілерін салу жолымен шешілді

Су басу мәселесі арық желілерін салу  жолымен шешілді
almaty-akshamy.kz

Әуезов ауданындағы су басу мәселесі арық желілерін салу және өткелдердің диаметрін ұлғайту жолымен шешілді

Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ағымдағы жылдың наурыз айында ауданның магистральдық көшелерінде тұрақты су басудың 6 проблемалық учаскесі жойылғанын хабарлады.

Осылайша, арық желілерін салу және өткелдердің диаметрін 300 мм-ден 1000 мм-ге дейін ұлғайту арқылы су басқан учаскелер жойылды. (Төле би көшесі–Яссауи көшесі, Райымбек даңғылы–Момышұлы көшесінің қиылысы. Райымбек даңғылы-Яссауи көшесі, Абай даңғылы-Алтынсарин даңғылы, Цветочная көшесі, Момышұлы көшесі).

Су басу орындарының пайда болуына жол бермеу мақсатында Экология және қоршаған орта басқармасы жоба әзірледі, оған сәйкес 43 км.арық желілерінің құрылысы жоспарланған, оның ішінде бүгінде 5,9 шақырым жаңа арық желілері салынды, жыл соңына дейін тағы 2,1 шақырым. желілер салынады. 2024 жыл соңына дейін желілер құрылысын толықтай аяқтау жоспарланған.  

Арық желілерінің тиісті жай-күйін сақтау үшін ауданда күн сайын ұзындығы 121 шақырым санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде, онда 7 дана арнайы техника мен 20 жұмысшысы жұмылдырылды.