АҚШ мәйітханаларында орын жоқ

АҚШ мәйітханаларында орын жоқ
Сурет: Centralasia.media

Коронавирустан кісі өлімі өршіп тұр

АҚШ-тың Вашингтон штатындағы кей өңірлерде мәйітханада орын жоқ. Мамандар «коронавирустан көз жұмғандарды жатқызатын жер таппай жатырмыз» деп дабыл қағып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Мәселен, Каулиц өңірінің билігі осы ахуалға қатысты төтенше жағдай жариялауды сұрады. Мұнда қазір жаңа мәйітхана салынып жатыр. Бірақ құрылыс жұмыстарының аяқталуына әлі бір айдай уақыт қажет. Сондықтан аймаққа тоңазытқыш камерасы бар жүк көліктері жіберілетін болды. Мәйіттер енді сол жерде сақталады.

Еске салайық, былтыр Нью-Йорк қаласында мәйіттердің көптігіне байланысты аурухана жанында тоңазытқыш камералары бар жүк көліктері орналастырылған. Өткен жылы көктемде шаһар коронавирус ошағына айналған еді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері кейінгі уақытта Солтүстік және Оңтүстік Америкада вирус жұқтыру және кісі өлімі деректерінің қайтадан артып бара жатқанын хабарлады. Осы ретте АҚШ-та жаңа шектеу шаралары енгізіледі деп жоспарланған.