Соңғы тәулікте 5 облыста коронавирус мүлдем тіркелген жоқ

Соңғы тәулікте 5 облыста коронавирус мүлдем тіркелген жоқ
Сурет: Almaty.tv

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 228 адамның жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 47,

Алматы қаласында - 38,

Шымкент қаласында – 3,

Ақмола облысында – 35,

Ақтөбе облысында – 0,

Алматы облысында - 2,

Жетісу облысында - 0,

Атырау облысында - 2,

Шығыс Қазақстан облысында - 8,

Абай облысында - 2,

Жамбыл облысында - 3,

Батыс Қазақстан облысында - 10,

Қарағанды облысында - 46,

Ұлытау облысында - 5,

Қостанай облысында - 0,

Қызылорда облысында - 0,

Маңғыстау облысында - 6,

Павлодар облысында - 10,

Солтүстік Қазақстан облысында - 11,

Түркістан облысында - 0.

Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 388 249-ға жетті.