Әуезов ауданының бау-бақша қоғамдастықтарында инженерлік желілер жаңғыртылуда

Әуезов ауданының бау-бақша қоғамдастықтарында инженерлік желілер жаңғыртылуда
almaty-akshamy.kz

Әуезов ауданының Достық, Мамыр-4 және бұрынғы бау-бақша қоғамдастықтарында инженерлік желілер жаңғыртылуда

Жүргізілген орталықсыздандырудың оң нәтижелері және инженерлік желілерді дамыту бойынша жобалар туралы Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев ӨКҚ брифингінде баяндады.

Бүгінгі таңда ауданда сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңарту талап етілетін 4 проблемалық аумақ бойынша жобалар жоспарланып, іске асырылуда. Осы учаскелердегі су құбыры және кәріз желілері 1960-1970 жылдары салынғанын ескерсек, олардың 90% тозған. 

Бірінші аумақ Достық шағын ауданында кәріз желілерін салу жұмыстары 2023 жылдың ІІІ тоқсанында басталды, жалпы ұзындығы 13,7 км., 759 жеке үй мен 3650 тұрғын қамтылды. Жобаны 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. 
 
Екінші аумақ бұрынғы үш «Восход», «Садовод», «Ардагер» бау-бақша серіктестіктерінің барлық 8 көшесінде 2023 жылдың ІІІ тоқсанында жалпы ұзындығы 5,2 км, 117 жеке үйді қамтитын сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар биылғы жыл соңында аяқталады. 

Үшінші аумақ «Мамыр-4» шағын ауданындағы 197 үйді және 750 тұрғынды қамти отырып, ұзындығы 12,3 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін төсеу жұмыстарын 2024 жылдың ІІ тоқсанында бастап, 2025 жылы аяқтауды жоспарланып отыр.
 
Төртінші аумақ «Саин-Шаляпин-Жандосов-Қарғалы өзені» көшелерінің алаңында жалпы ұзындығы 42 км, 700 үйді қамтитын сумен жабдықтау және су бұру құрылысы бойынша ЖСҚ әзірлеу аяқталуда. Бұл жұмыстарды 2024 жылдың ІІ тоқсанында бастауды жоспарланып отыр. 

Бұл жобаларды іске асыру барлық 4 аумақ бойынша 11 мыңнан астам тұрғынды сапалы сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Бұдан басқа, «Алматы су» желісі бойынша Саин көшесінің Шаляпин көшесінен Абай даңғылына дейінгі аумақта су құбыры желілерін қайта жаңарту аяқталды, жалпы ұзындығы 0,9 км. Ұлықбек даңғылының (оңтүстік және солтүстік жағы) 2 бөлігінде, Саин көшелерінен Момышұлы көшелеріне дейін, жалпы ұзындығы 2,5 км және Төле би көшелеріне дейін, Саин көшесінен Момышұлы көшесіне дейін, ұзындығы 1 км жұмыс жалғасуда. 

Осы аумақтардағы қайта жаңарту жұмыстары Жетісу және Ақсай шағын аудандарының тұрғындарын үздіксіз сумен жабдықтауды жақсартуға мүмкіндік береді. Жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.