Коронавирус. Елімізде вакцинаның I компонентін 8,63 млн адам салдырды

Коронавирус. Елімізде вакцинаның I компонентін 8,63 млн адам салдырды Cурет: Ашық дереккөз

Алматы қаласы вакцина алу бойынша екінші орында тұр


Қазақстанда коронавирус вакцинасының I компонентін салдырғандар саны 8 631 201-ге жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.



«21 қарашадағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 8 631 201 адам, II компонентін 7 939 634 адам салдырды», - делінген хабарламада.



Вакцина салдырғандар саны бойынша Түркістан облысы алдыңғы орында, өңірде 1 019 478 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 954 572 адам екінші компонентін салдырған.


Екпе алудан екінші орында - Алматы қаласы. Қалада 1 016 740 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 969 721 адам 2-компонентін егілген.


Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 904 079 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 861 421 адам екінші бөлігін қабылдаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10