Әлем кубогы: қазақстандық ауыратлеттер белгілі болды

Әлем кубогы: қазақстандық ауыратлеттер белгілі болды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Таиландтың Пхукет қаласында ауыр атлетикадан әлем кубогы өтеді.

31 наурыз бен 11 сәуір аралығына жоспарланған жарысқа Қазақстан құрамасы сапында алты спортшы қатысады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

45 кило салмақта Айнұр Әбдіхалықова, 55 килода Ерназ Алпысов, 59 килода Дарья Балабюк, 87 килодан жоғары салмақта Айсамал Сансызбаева, 109 килода Мейрам Сұлтан бақ сынайды.