Алматыда «Ой толғау» атты кеш өтті

Алматыда «Ой толғау» атты кеш өтті
Cурет: Almaty.tv

Іс-шара М. Әуезовтың 125 жылдығы мен «Абай жолы» романының 80 жылдығына арналған

Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрында «Ой толғау» атты мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 
Almaty.tv –ге сілтеме жасап.
Аталмыш іс-шара Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы мен «Абай жолы» романының 80 жылдығына арналған. Осы мақсатта ақын сөздеріне жазылған қазақ композиторларының романстары орындалып, көрермен көңілінен шықты. Ұйымдастырушылар «Ұлы философ жасаған дүниелердің барлығы бүгінде нағыз классикаға айналды» дейді.

«Бұл шара негізі үлкен туынды деп айтсақ болады. Өйткені, бұл моно операның құрамында Абайдың өлеңдері және әндері жинақталған. Бұл енді Абайдың философиясының бір сондай сәттерінің көрсетілімі деп өзім санаймын», – деді пианист Алияр Өтетілеу.