Күйзеліс холестерин деңгейін арттыруы мүмкін

Күйзеліс холестерин деңгейін арттыруы мүмкін
Сурет: Rbc.ru

Күйзелістің денсаулыққа тигізер зияны

Британдық дәрігер Тимоти Легг күйзеліс "зиянды" холестериннің бөлінуіне әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рен-тв-ға сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, осы жағдайға байланысты ағзада күрделі химиялық процесстер іске қосылады, деп жазған Daily Express. 

Дәрігер адам күйіп-пісіп,күйгелектенген кезде, кортизол мен адреналин бөлінетінін атап өтті. Бұл  Бұл дененің негізгі энергия көзі болып табылатын триглицерид майларының бөлінуіне әкеледі.

Олардың тым көп бөлінуі "зиянды" холестриннің көбеюіне әкеледі.

Дәрігер мазасызданумен күресуге кеңес береді. Бұл жерде спорттың көмегі зор, өйткені жаттығу кезінде серотонин мен допамин бөлінеді. Тағы бір маңызды мәселе-дұрыс тамақтану. Дәрігер рационға банан, брокколи, авокадо, шпинат, қара шоколадты қосуға кеңес береді.