80 домбыра Стамбулға кетті

80 домбыра Стамбулға кетті
Сурет: Мақпал Жұмабайдың әлеуметтік желісінен
Достар, естеріңізде болса, Түркия сапарымда  қазақ тілін үйреніп жатқан қандас балаларға “35 домбыра сыйлауға уәде еткен едім”. Нәтижесінде домбыра саны 80-ге жетті, деп жазды Мақпал Жұмабай өзінің әлеуметтік парақшасында.
Бұл игі істі ÖzgeEpic өнер кеңістігінің атынан бастап, достарым үн қосып,  танымал шебер Елжасқа  тапсырыс берген болатынмын. Өте сапалы аспап жасатып берем деген сөзімді орындадым. Елдегі айтулы шебермен жұмыс істедік.
Мұндағы әр домбырада достарым мен әріптестерімнің де үлесі бар. Сол үшін де рахмет айтқым келеді.
Домбыра сыйлау оқиғамыз мұнымен шектелген жоқ, бастамама Ыстамбұлдағы Бас консул Нұриддин мырза қолдау білдіргісі келетінін жеткізді. Бас консулдың себепкер болуымен демеушілер табылып, домбыра саны 80-ге жетті.
Домбыраларға белгімізді соғып, арнайы қорап жасатып, орап, Ыстамбұлға жібердік. Аспаптарымыздың аман жеткені туралы ақпарат алдық.
Жақын күндері бұдан да күшті жаңалық болады. Ол жаңалықты Бас консул және басқа да серіктестер  Ыстамбұлда жариялаймыз, деп жазды Мақпал.