Алматыда ҚАЖД мекемесінде сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды

Алматыда ҚАЖД мекемесінде сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД мекемесінде сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды.


Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №13 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Кездесуге аталған департамент басшылығы мен мамандары, өзіндік қауіпсіздік тобының өкілдері, Түрксіб ауданының прокуроры және жауапкершілігі шектеулі серіктестік өкілдері, жеке кәсіпкерлер қатысты. Кездесу барысында сотталғандарды жұмыспен қамтудың өзекті мәселелері талқыланып, кәсіпорындармен өзара байланысты нығайту туралы пікір айтылды. Кездесуде сонымен қатар сотталғандардың жаза өтеудің белгіленген тәртібін бұзу, жұмыс нысандарын өз беттеріншет тастап кету фактілерінің зардабы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бас қосуға қатысқандар сотталғандарды жұмыс уақытында қатаң бақылауға алу қажетттігі де атап өтілді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12