30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөзі

Алматыда көшпелі бұлт шығады

Синоптиктер жаңа жыл қарсаңында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, қар, жаңбыр жауып, тұман, көктайғақ, жел болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігі циклондық желдің және атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Соған байланысты қар жауады, оңтүстікте, батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түседі.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, ауық-ауық қар жауады. Желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз 0...+2°C.

"Елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында жаяу бұрқасын болады. Батыста, оңтүстікте, орталықта көктайғақ, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста жел күшейеді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалаларының үш күнге – 2022 жылдың 30 желтоқсанынан 2023 жылдың 1 қаңтарына дейінгі ауа райы болжамын жариялаған еді.