20 ақпанға арналған ауа райы болжамы

20 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады

«Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 20-ы күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, скандинавиялық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады – қар жауып, бұрқасындатады, батыс аудандарында және оңтүстікте – жаңбыр, қар жауады. Тек еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша көктайғақ болып, жел күшейеді, тұман түседі.