12 ақпанға арналған ауа райы болжамы

12 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Aikyn.kz

 «Қазгидромет» РМК-сы дүйсенбі, ақпаннның 12-сі күнгі күн райы болжамымен таныстырды.

Солтүстік-батыс, солтүстік пен елдің орталығындағы күн райына антицклон ықпал етеді. Соның салдарынан күн ашық болады және ауа температурасы төмендейді,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстанның өзге аймақтары атмосфералық ағындардың ықпалында болады да, жаңбыр, қар жауады. Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қалың қар жауады. Сондай-ақ көктайғақ, тұман болып, боран соғады. Солтүстік пен оңтүстікте жел соғады.