«Үшарал-Достық» жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды

«Үшарал-Достық» жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Cурет: Inform.kz

Көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі

Алматы облысында күннің бұзылуына байланысты «Үшарал-Достық» автожолында көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сітеме жасап.

«Алматы облысында күн райының нашарлауына байланысты (боран, жолдағы нашар көру) 25 желтоқсан күні сағат 9.30-дaн бастап «Үшарал-Достық» автожолының 83-184 шақырымы аралығында, атап айтқанда, Көктұма мен Достық станциялары аралығындағы учаске («Автодор НС» АБК реконструкциялау учаскесі) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді»,-делінген хабарламада.

Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі.
Оқыс жағдай орын алса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласа аласыздар.